457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматыда есірткі жеткізу ісі бойынша ұлттық қауіпсіздік пен полиция қызметкерлері ұсталды

Алматы қаласының прокуратурасы АҚШ-тан есірткі жеткізу ісі бойынша тергеуді аяқтады

Алматы қаласының прокуратурасы АҚШ-тан есірткі жеткізу ісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, жазасын өтеуші азамат шетелден марихуана мен каннабис экстрактын халықаралық пошта арқылы жеткізуді ұйымдастырған.

Бұл қылмыстық схемаға барлығы 20 адам қатысқан, олардың арасында ұлттық қауіпсіздік және полиция органдарының қызметкерлері де бар.

Тексеру нәтижесінде 43 келі есірткі тәркіленген. Тергеу барысында күдіктілердің заңсыз табыс көздерін жасыру үшін жылжымайтын мүлік, жер телімдері мен көліктер сатып алғаны анықталды.

Соттың санкциясымен 5 пәтер, 3 ғимарат, 10 жер учаскесі және 44 автокөлікке тыйым салынды.
Қазір қылмыстық іс мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды.

Фото: iStock