457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Банктер цензураға кірісті ме? Kaspi банкі клиентін әзіл видеодан кейін бұғаттап тастаған.

IMAGE: ©smebanking.agency

Бұл туралы malim.kz тілшісі Azattyq.org басылымына сүйеніп хабарлайды. Банк сот шешіміне, меморгандар тарапынан басқа да нұсқауларға жүгінбей, өз бетінше әрекет еткен.

Айдос Еділов есімді Астана тұрғыны TikTok желісінде жасанды интеллекттің көмегімен жасаған видеосын жарияланған. Видеода ақ киінген адам банктің бөлімшесінде тұрған болып, халыққа үндеу тастайды.

 

 

"Қазақтар, несие мен бөліп төлеуге зат алғанды қойыңдар, мұның бәрі - күнә! Құдайдан қорқыңдар! Бәрің де Миша Ломтадзенің қармағына іліндіңдер! Кеш болмай тұрғанда - ояныңдар!",

- дейді ол (видео - орыс тілінде).

Видео тез арада көрілім жинай бастап, жүздеген қазақстандық ай сайын несие мен бөліп төлеу бойынша төлемдер жасап отырғаны туралы пікір жазған. Осы кезде Айдос Еділовке белгісіз біреу қоңырау шалған. Айдос белгісіз адаммен болған әңгімені жазып алыпты. Azattyq.org басылымы келтірген диалог былай болыпты:

- Қайдан, нөмірімді қайдан алдыңыз деймін? "Каспи банк" қашаннан бері Тиктокқа қатысты хабарласатын болған?

- Сіз емес пе видеоны Тиктокқа салған?

- Кімсіз, атыңызды айтыңызшы?

- Сот практикасы бойынша сарапшымын.

- Атыңыз, әкеңіздің аты кім?

- Сізге осы да жеткілікті.

- Жеткілікті емес. Себебі сіз менің нөмірімді бір жерден алып отырсыз.

Айдостың айтуынша, ұғынықты жауап алмағасын, видеоны жоймаған. Видео әлеуметтік желілерде көрілім жинап, әрі қарай тарай берген. Осыдан кейін оның шоттары бұғатталып қалыпты. Түнде Kaspi қосымшасына бір кіргенінде, "Ваша учетная запись заблокирована" деп тұрған.

Айдос Еділов Kaspi банкінің оның жеке мәліметтерін пайдаланып, оның аузына қақпақ болуға тырысқаны, көнбеген соң - өз бетінше бұғаттап тастағанына наразы. Айта кету керек, хабарласқан адамның Kaspi банкіне қатысы бар екені расталған жоқ.

Бұдан кейін, Kaspi банкі Айдос Еділовке ресми жауап беріпті.

"Сізбен байланысқан біздің қызметкерлер екені рас. Алдын ала сараптама бойынша, сіздің роликтің мазмұны заңға қайшы сияқты... Бұғаттау туралы шешім қате болды: ол күшін жойды, енді қосымшаны пайдалана беруге болады. Біз қосымша тексеріс жасауға бастама көтердік. Мұндай жағдай қайталанбауы үшін шаралар қолданамыз",

- делінген Kaspi банкінің жауабында.

Айдос Kaspi банкіндегі шотын бірнеше күн пайдалана алмаған. Тіпті автобуста жолақы төлеу үшін әркімнен көмек сұрап жүріпті (Астана қаласындағы қоғамдық көліктерде қолма қол ақша қабылданбайды). Қазір ол банктің үстінен сотқа шағым түсірмекші. Банктегілер де әңгімені жазып алып жария еткені және роликте діни образда болғаны үшін қудалаймыз депті.