457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Юрий Аравин өмірден өтті

IMAGE: ©Аида Балаеваның парақшасынан

Белгілі өнер қайраткері, қазақ фольклорын насихаттаушы Юрий Аравин дүниеден өтті.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева өзінің фейсбуктегі расталған парақшасында хабарлады.

 

"...Еліміз үшін Юрий Аравиннің есімі ерек. Ол қазақ ән-күйін насихаттаушылардың ең әйгілісі болатын. Мәдениетті арқау еткен ол көптеген фольклорлық экспедициялардың ұйтқысы болды, соның арқасында қазақтың ескі әуендері қалпына келтіріліп, хатталды.

Өткен ғасырдың 70-жылдары Юрий Аравин қазақ әуендеріне арналған телерадиобағдарламалар шығарып тұрды...

Оны біз өте зайырлы әрі Қазақстанды шексіз сүйген адам ретінде білдік... – делінген министрдің қазанама іспетті постында.