Актриса Бадықованың жаңа фильмі 1 млрд касса жинады

Актриса Дариға Бадықова сүйінші жаңалығын жария етті, деп хабарлайды Malim.kz Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Актрисаның «Ыстық ұя» фильмі аз күнде 1 млрд теңге касса жинады.
«Ыстық ұямыз» млрд жинады. “Бауырыма көлік сыйладым”, “Бір үйден 10-15 адам келдік”, “Анамды құшақтап жыладым”, “Бауырыммен қауыштым”… Көөөп шынайы, неше-түрлі хаттар толастамай күн сайын келді.
"Ыстық Ұя" — жай фильм емес. Бұл – сезім. Бұл – сағыныш. Жүректерге жетсінші, жүректер қозғалсыншы деп түсірілген фильм еді… Талай суық жүректі жылытты, талай қатты жүректі жібітті. Бұдан артық жетістік жоқ. Миссия орындалды», - деп жазды ол.
Фото: видеодан скрин