457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астана әкімі мен экология министрі қазақша сөйлемегені үшін сыналды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты. Бұл туралы Kznews порталына сілтеп Malim.kz хабарлайды.


Ол Астанадағы Ботаникалық саябақта ерікті және белсенді жастармен бірге ағаш екті. Мемлекет басшысы сондай-ақ «Нұра» ауданындағы бірінші кезеңі аяқталған Greenline бульварын аралап көрді.

Мемлекет басшысына Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы абаттандыру жұмыстары жайында мәлімет берді. 

Кездесуден қысқа видеорепортаждарды Ақорданың әлеуметтік желідегі парақшалары таратты. Солардың бірінде Мемлекет басшысы вандализм жайында қазақ тілінде сұрақ қойды. 
Алайда қала әкімі қазақ тілін біле тұра орыс тілінде жауап берді. Бұл оқырмандардың шамына тиіп, түрлі пікірлер жазыла бастады. Бұқара Президенттің диалогы қазақша басталғандықтан жауап мемлекеттік тілде өрбитінін күткен. Алайда қала әкімі де, бірге ілесіп жүрген Экология министрі Ерлан Нысанбаев та орысша тіл қатып жүрді. 

Бұл видеолардың барлығы Ақорданың Instagram парақшасында жарияланды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде өткен екінші «Орталық Азия – Ресей» саммитінде орыс тілінің зор құрметке ие екенін айта отырып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін одан әрі нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстарға кедергі келтірілмейді деді. 

«Құдай берген ана тілдеріміз конституциялық тәртіппен мемлекеттік мәртебеге ие болды. Сондықтан қазақ тіліне бұрынғыдай көңіл бөліне береді. Жастарымыз биліктің қолдауымен екі, тіпті үш-төрт тілді оңай меңгере алатынына сенімдімін. Мұндай мысалдар әлемде аз емес. Анығын айтқанда, Қазақстандағы жағдай осындай. Еліміздің әр азаматы өзіне ыңғайлы тілде сөйлеуге құқылы. Бұл – «Бірлігіміз – әралуандықта» деп аталатын ұлттық саясатымыздың өзегі», – деді Мемлекет басшысы.

Фото: kznews