Ақмарал Науатбекке үш бөлмелі пәтер сыйға берілді
Қаржылай сыйлық та берілген.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Парижде өткен жазғы Паралимпиада ойындарынан жүлдемен оралған елордалық спортшыларды және олардың бапкерлерін марапаттады, деп хабарлайды Malim.kz.
Астана әкімі дзюдодан Қазақстан тарихындағы тұңғыш Паралимпиада чемпионы атанған Ақмарал Науатбекке 3 бөлмелі пәтердің сертификаты мен 30 миллион теңге ақшалай сыйақы табыстаған. Ал спортшының жаттықтырушысы Айдын Анапинге 10 миллион теңге берілген.
Сонымен қатар пара дзюдодан күміс жүлде иеленген Ерғали Шәмейге 2 бөлмелі пәтердің сертификаты мен 25 миллион теңге ақшалай сыйақы, ал оның жаттықтырушысы Дәурен Оразовқа 7 миллион теңге табыс етілді.
Жеңіс Қасымбек ақшалай сыйақы демеушілер тарапынан берілгенін мәлімдеді.
Фото: Астана қаласының әкімдігі