freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Португалия Өзбекстан қақпасына жауапсыз бес гол соқты

Спорт
Португалия Өзбекстан қақпасына жауапсыз бес гол соқты
Фото: Reuters

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші тур матчында Португалия құрамасы Өзбекстанды 5:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Malim.kz.

Кездесудің 6-минутында есепті Криштиану Роналду ашты. Арада 11 минут өткенде Нуну Мендеш есеп айырмасын ұлғайтты. Бірінші таймның соңына қарай Роналду дубль авторы атанып, командаларын үзіліске 3:0 есебімен алып шықты.

Екінші таймда өзбекстандық қорғаушы Абдуқодир Хусанов өз қақпасына гол соғып алса, матчтың соңғы нүктесін 87-минутта Рафаэл Леау қойды.

Бұл матчта Криштиану Роналду бірден екі тарихи жетістікке қол жеткізді. Ол әлем чемпионаттарының алты түрлі турнирінде гол соққан тарихтағы алғашқы футболшы атанды. Португалиялық шабуылшы 2006, 2010, 2014, 2018, 2022 және 2026 жылғы мундиальдарда мергендігімен көзге түсті.

Сонымен қатар Роналду әлем чемпионаттарындағы гол саны бойынша Эйсебионың көрсеткішінен асып түсіп, Португалия құрамасының мундиальдардағы ең үздік бомбардирі атанды. Қазір оның еншісінде әлем чемпионаттарында соғылған 10 гол бар.

Матч нәтижесі:

• 6’ – Криштиану Роналду (1:0)
• 17’ – Нуну Мендеш (2:0)
• 39’ – Криштиану Роналду (3:0)
• 60’ – Абдуқодир Хусанов (автогол, 4:0)
• 87’ – Рафаэл Леау (5:0)

Үшінші турда 28 маусым күні Өзбекстан құрамасы Конго Демократиялық Республикасымен кездеседі. Ал Португалия Колумбияға қарсы алаңға шығады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу