freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстау облысында Бекет атаға барған үш азамат табылды

Қоғам
Маңғыстау облысында Бекет атаға барған үш азамат табылды
Фото: azh.kz

Маңғыстау облысында Қыдырша атаға зияратқа барған азаматтардың көлігі батпаққа батып қалып, олар елді мекенге дейін жаяу жүруге мәжбүр болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, азаматтар шамамен 35 шақырымды жаяу жүріп өтіп, Бейнеуге жеткен. Барлығы дін аман.

Қазіргі уақытта олар медициналық тексеруден өту үшін Ақжігіт ауылына жолға шыққан.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында Бекет ата жерасты мешітіне барғаннан кейін хабарсыз кеткен үш азаматқа іздеу жарияланған болатын. Полицияның мәліметінше, олар 2 шілде күні Great Wall автокөлігімен жолға шығып, Бекет ата мешітінің аумағынан WhatsApp арқылы соңғы бейнежазба жібергеннен кейін байланысқа шықпаған. Қазіргі таңда оларды іздеуге полиция қызметкерлері мен қоғам өкілдері жұмылдырылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу