freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстауда Бекет атаға барған үш адам хабарсыз кетті

Оқиға
Маңғыстауда Бекет атаға барған үш адам хабарсыз кетті
Фото: ІІМ

Маңғыстау облысында Бекет ата жерасты мешітіне барып, хабарсыз кеткен үш азаматқа іздеу жарияланды. Бұл туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратты Ақтау қаласы полиция басқармасы растады, деп хабарлайды Malim.kz.

Полицияның мәліметінше, 2026 жылғы 2 шілдеде сағат 16:15 шамасында Great Wall маркалы, мемлекеттік нөмірі 010 FZA 12 автокөлігімен Бекет ата мешітіне жолға шыққан үш адам іздестіріліп жатыр. Олар:

Қанатбек Жұбатқанов (16.08.1991);

Ақмарал Бисенова (06.02.1995);

Мархабат Бисенова (13.07.2005).

Алдын ала мәлімет бойынша, олармен соңғы байланыс 2 шілде күні болған. Азаматтар WhatsApp арқылы Бекет ата мешітінің аумағынан видео жібергеннен кейін байланыс үзілген. Содан бері олардың қайда екені белгісіз.

Қазіргі уақытта криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Іздеуге полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар және қоғам өкілдері жұмылдырылған.

Полиция жоғалған азаматтардың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндерді 102, 8 (775) 421-94-96 немесе 8 (775) 509-87-97 нөмірлеріне хабарласуға шақырды. Құқық қорғау органдары кез келген ақпараттың олардың тезірек табылуына септігін тигізуі мүмкін екенін атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу