freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады

Қоғам
Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысы құттықтауында Тұңғыш Президенттің заманауи қазақ мемлекеттілігінің негізін қалау, Қазақстан Республикасын құру,  еліміздің экономикалық әлеуетін нығайту және халықаралық аренадағы орны мен беделін бекемдеу жолындағы тарихи миссиясын атап өттіҚасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы Астанаға көшіру туралы шешімінің маңызы айрықша екеніне тоқталды.

 

– Елорданың Сарыарқа төсіне көшірілуі Қазақстанның жан-жақты өркендеуіне тың серпін берді. Бүгінде Астана қарыштап дамып, әлемдегі көрікті шаһардың біріне айналып келеді, – делінген құттықтауда.

Мемлекет басшысы Тұңғыш Президентке мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тіледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу