2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Англия құрамасы Конго ДР-ны 2:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Malim.kz.
Кездесу англиялықтар үшін сәтсіз басталды. Матчтың 7-минутында Конго ДР шабуылшысы Брайан Сипенга айып алаңына жасалған ұзын пасты тиімді пайдаланып, қақпаның жақын бұрышын дәл көздеп, есеп ашты.
Англия ұзақ уақыт бойы таразы басын теңестіре алмай жүрді. Тек 75-минутта Энтони Гордонның қапталдан асырған добынан кейін Харри Кейн баспен дәл соққы жасап, есепті 1:1-ге жеткізді.
Ал 86-минутта Кейн тағы бір мәрте көзге түсіп, айып алаңына еніп, қуатты соққымен допты қақпаның жоғарғы бұрышына тоғытты. Осылайша Англия 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Осы нәтижеден кейін Англия құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты. Келесі кезеңде олар Мексика құрамасымен кездеседі. Матч Қазақстан уақытымен 6 шілде күні таңғы 05:00-де басталады.
Айта кетейік, 1 шілдедегі ойын күнінде тағы екі 1/16 финал кездесуі өтеді: Бельгия – Сенегал (01:00) және АҚШ – Босния және Герцеговина (05:00).