Қазақстанда «Астана» есімді 26 адам тұрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы Астана күніне орай жариялаған қызықты деректерінде мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша елорда халқының саны 1 674 699 адамға жеткен. Оның 884 мыңы – әйелдер, 790 мыңы – ерлер.
2025 жылы Астанада 27,4 мың сәби дүниеге келген. Ал 2026 жылдың басында қалада 18 жасқа дейінгі 545 мың бала тұрған. Оның ішінде 280 мыңы – ұл, 265 мыңы – қыз.
2025 жылдың қорытындысы бойынша елордадағы қартаю индексі 22,9-ды құрады. Яғни, әрбір 100 балаға 65 жастан асқан шамамен 23 қарт адамнан келеді. Қала тұрғындарының орташа жасы – 30,9 жас.
Бүгінде Астанада 31 театр, бес музей, 35 кітапхана және 24 саябақ жұмыс істейді.
Сондай-ақ елордада бес жұлдызды алты қонақүй туристерді қабылдайды. 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында қаладағы қонақүйлерде 67,9 мың шетелдік қонаққа қызмет көрсетілген.