freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы облысында сел қаупі бар тау көлдерін бақылау күшейтілді

Қоғам
Алматы облысында сел қаупі бар тау көлдерін бақылау күшейтілді
Фото: zen.yandex.ru

Алматы облысында сел қаупі жоғары тау көлдерін бақылайтын биік таулы бекеттер жұмысын бастады, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесіне қарасты сел қаупі жоғары тау көлдерін бақылауға арналған биік таулы маусымдық бекеттер өз жұмысын бастады.

Бұл бекеттер гидрологиялық жағдайды тұрақты бақылауға, тау көлдеріндегі өзгерістерді дер кезінде анықтауға және қауіп төнген жағдайда жедел ақпарат таратуға мүмкіндік береді.

Сел қаупі кезеңінде мамандар тәулік бойы кезекшілік атқарып, аса қауіпті тау көлдерінің жай-күйіне үздіксіз мониторинг жүргізеді. Бұл шаралар сел қаупінің алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу