freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда салынып жатқан көпірдің тіреуіне жеңіл көлік соғылып, аударылды

Қоғам
Алматыда салынып жатқан көпірдің тіреуіне жеңіл көлік соғылып, аударылды
Фото: видеодан скрин

Алматыда жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көлік салынып жатқан жолайрықтың тіреуіне соғылып, аударылып қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, Kia көлігінің жүргізушісі Төле би даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Яссауи көшесінен өткеннен кейін жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде көлікті басқара алмай қалған.

Соның салдарынан көлік салынып жатқан жолайрықтың тіреуіне соғылып, кейін аударылған.

Жүргізуші ауыр жарақатпен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Сондай-ақ көліктегі жолаушы әйелге де медициналық көмек көрсетілді.

Полицияның мәліметінше, апаттың ықтимал себептерінің бірі – қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтамау. Жол-көлік оқиғасының нақты себептері мен барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу