Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республикалық Бас мешітке «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Осыған байланысты жаңа атау ресми түрде қолданысқа енгізіледі.
ҚМДБ мәліметінше, республикалық Бас мешіт елорда ғана емес, бүкіл Қазақстан мұсылман жамағатының ортақ рухани ордасы саналады. Мешіт халық бірлігін нығайтуға, бейбітшілік пен келісімді дәріптеуге, ізгілік пен мейірімділік құндылықтарын насихаттауға, сондай-ақ имандылық пен адамгершілікке негізделген бастамаларды қолдауға бағытталған қызметін жалғастырады.
Сондай-ақ жаңа атаумен мешіт алдағы уақытта да қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға, дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтауға және игі бастамаларды дамытуға үлес қоса беретіні айтылды.