freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркияда шағын автобус апатқа ұшырап, 22 адам жарақат алды

Әлем
Түркияда шағын автобус апатқа ұшырап, 22 адам жарақат алды
Фото: Haber Global

Түркияның Шанлыурфа провинциясындағы Суруч ауданында ауыл шаруашылығы жұмысшыларын тасымалдаған шағын автобус жолдан шығып, жыраға құлады, деп хабарлайды Malim.kz.

Салдарынан 22 адам жарақат алды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасына көліктің дөңгелегі жарылып, жүргізушінің басқаруды жоғалтуы себеп болған.

Оқиға орнына жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі мен полиция қызметкерлері жетті. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Олардың басым бөлігі – әйелдер.

Дәрігерлердің мәліметінше, ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы қанағаттанарлық.

Аталған жол апаты бойынша тергеу басталды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу