freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Белгілі қазақстандық боксшы әйелін аяусыз соққыға жықты деген күдікке ілінді

Қоғам
Белгілі қазақстандық боксшы әйелін аяусыз соққыға жықты деген күдікке ілінді
Фото: ҚР Ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстандық боксшы, әлем және Азия чемпионы Теміртас Жүсіпов әйелін қатыгездікпен соққыға жықты деген айып тағылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, әйел ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Қазір оқиғаға байланысты полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Оқиға туралы алғаш болып жәбірленушінің әпкесі мәлімдеді. Оның сөзінше, әйел ауруханаға ес-түссіз күйде түскен. Дәрігерлер оның басында ашық жарақат, құрысу, асфиксия және ми ісінуі бар екенін анықтаған.

Туыстарының айтуынша, боксшы босатылғаннан кейін де әйеліне қоқан-лоқы көрсетуді жалғастырған. Олар бұл істі «адам өлтіруге оқталу» бабына қайта саралауды талап етіп отыр.

Бұл жағдайға байланысты облыстық полиция департаменті ресми түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, 30 маусым күні Көкшетауда отбасылық жанжал кезінде ер адам жұбайына дене жарақатын салған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу нәтижесінде оқиғаға қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу