freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

6 шілде: қай өңірлерде нөсер, қай өңірлерде +40 градус ыстық болады?

Қоғам
6 шілде: қай өңірлерде нөсер, қай өңірлерде +40 градус ыстық болады?
Фото: magnific.com

«Қазгидромет» 2026 жылғы 6 шілдеге арналған дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Астана қаласы мен Қазақстанның барлық 17 облысында найзағай, нөсер жаңбыр, бұршақ, екпінді жел, аптап ыстық және өрт қаупі сияқты қауіпті ауа райы құбылыстары күтіледі.

Елдің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде қатты нөсер, бұршақ және дауылды жел болжанып отыр. Шығыс Қазақстан, Абай, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында желдің екпіні секундына 20–25 метрге дейін жетуі мүмкін.

Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында ауа температурасы +35…+40 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық сақталады.

Сонымен қатар Қызылорда, Түркістан, Жетісу, Алматы, Ұлытау, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан және басқа да бірқатар өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі жарияланған.

Астанада күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі ықтимал. Желдің екпіні 15–18 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашынға байланысты сел жүру қаупі сақталатыны ескертілді.

Синоптиктер тұрғындарды ауа райының қолайсыз жағдайларын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу