Астанада қарбалас уақытта жүк көліктерінің жүрісі шектеледі

Шектен асқан көлік жүргізушілері айыппұл төлейді

Арман Қайыпхан

  • 28.08.2024

Астанада жүк көліктеріне шекті салмақ мөлшері енгізіледі. Ондағы жалпы салмақ көліктің де, жүктің де салмағын қоса қамтиды. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қала әкімінің жазуынша, ауыр және ірі көлемді көлік құралдары жүргізушілерінің көпшілігі жүктің салмақ параметрлерін сақтамайды. Мысалы, 25 тоннаның орнына 100 тоннаға дейін, тіпті одан да көп жүк тасымалдап жүруі мүмкін. Бұл бірқатар қолайсыздық әкеледі: жол қозғалысының өзге қатысушыларына қиындық тудырады әрі жолға үлкен жүктеме түсіреді.

Әкімнің айтуынша, елордада қыркүйек айынан бастап автокөлік өлшейтін автоматтандырылған жүйе іске қосылады. Жүйе қазірдің өзінде сынақ режимінде жұмыс істейді. Автоматтандырылған өлшеу жүйесі қалаға негізгі кіреберістерде – Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Қосшы қалалары, сондай-ақ, Қараөткел және Малотимофеевка ауылдары тұсында орнатылған. Соңғы айда 10 мыңнан астам заңбұзушылық тіркелген. Бұл жүйе жүк көліктерінің салмағын бақылауға, қаланың көлік инфрақұрылымының жалпы деңгейін жақсартуға, өзге де көліктердің кедергісіз жүруі үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Бүгін Көлік министрлігінің, қала полициясының, тасымалдаушы компаниялардың және құрылыс компанияларының өкілдерімен кездестім. Жүк көліктерінің салмағын бақылау шараларын талқыладық. Қарбалас уақытта ауыр және ірі көлемді көлік құралдарының қозғалысына шектеулер енгізуді жоспарлап отырмыз, деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Оның сөзінше, ауыр және ірі көлемді көлік құралдарының рұқсат етілген салмағы мына мөлшерден аспауы керек:

- үш осьті (М3 санатындағы буынды автобустарды қоспағанда) – 25 тонна;

- төрт осьті, оның ішінде екі басқарылатын осі бар – 32 тонна;

- бес осьті – 38 тонна;

- алты немесе одан да көп осьтері бар – 44 тонна.

Осылайша, жалпы салмақ жүктің де, көліктің де салмағын қамтиды.

Артық салмақ болған жағдайда 3 миллион 700 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. Айыппұл мөлшері оське шаққандағы салмақтың арту дәрежесіне және кәсіпкерлік түріне байланысты – шағын, орта немесе ірі – 40 АЕК-тен (147 мың 680 теңге) 1000 АЕК-ке (3 млн 692 мың теңге) дейін өзгеруі мүмкін.

Фото: egemen.kz

Байланысты жаналықтар

Алдағы үш күнде ауа райы қалай болады?

15.10.2024

Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты аяқталды

14.10.2024

Астанада көкпар мен бәйге жарыстары өтті

13.10.2024

Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге көшті

13.10.2024

Астанада Есілдің жағасындағы мейрамхана өртенді

13.10.2024

Астанадағы ауа райының қолайсыздығынан бірнеше әуе рейсі уақытынан кешікті

12.10.2024
MalimBlocks
Алдағы үш күнде ауа райы қалай болады?

Түнде 2-4 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы

Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты аяқталды

Астанада көкпар мен бәйге жарыстары өтті

Фестиваль Республика күні және Мәслихаттардың 30 жылдығына орай ұйымдастырылған

Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге көшті

Қала көшелерін 600 техника тазартып жатыр

Астанада Есілдің жағасындағы мейрамхана өртенді

Өрт Ұлттық ұланның көмегімен сөндірілген

Астанадағы ауа райының қолайсыздығынан бірнеше әуе рейсі уақытынан кешікті

Ұшып келетін 6 рейс пен ұшатын үш рейс кешігіп жатыр