Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстаудағы әскери қызметшілер қазасына қатысты күдіктілер анықталды

MALIMet •
Маңғыстаудағы әскери қызметшілер қазасына қатысты күдіктілер анықталды
Фото: ҚР қорғаныс министрлігі

Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша бірқатар лауазымды тұлға күдікке ілінді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, тергеу аясында оқиға орны тексеріліп, 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынған. Қажетті құжаттар мен бейнематериалдар алынып, 12 сараптама тағайындалды.

Тергеу барысында қызметтік міндетіне салғырт қарады деген күдікке ілінген лауазымды тұлғалар анықталған.

Ведомство мәліметінше, олар ауа райының жағдайын ескере отырып, әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті бақылау жүргізбеген және қажетті шараларды дер кезінде қабылдамаған. Сондай-ақ құтқару жұмыстарының талапқа сай ұйымдастырылмағаны анықталған.

Тергеу нұсқасы бойынша, осы әрекеттер мен әрекетсіздік адамдардың қаза болуына әкелген.

Қазіргі уақытта күдіктілердің әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беру үшін тергеу жалғасып жатыр. Оның қорытындысы бойынша тиісті процестік шешімдер қабылданбақ.

Еске салайық, қайғылы жағдай 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде болған. Ауа райы күрт нашарлап, 17 әскери қызметшіні теңіз ағысы ашық айдынға алып кеткен.

Үш әскери қызметші аман құтқарылды. Ал 25 қыркүйекте бұған дейін із-түзсіз жоғалған сержант Мансур Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денесі табылды. Осылайша, оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің саны 14-ке жетті.

Қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайын анықтау үшін премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу