freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақ эстрадасындағы әндер неге "red flag" атанды?

Шоу-бизнес •
Қазақ эстрадасындағы әндер неге "red flag" атанды?
Фото: ЖИ арқылы жасалған

Threads қолданушылары қазақ эстрадасындағы кейбір әндердің әйелдің еркіндігі мен отбасындағы рөліне қатысты сөздерін талқылап жатыр. Бірқатар композицияны "red flag" деп атаған пікір иелері олардың жекелеген жолдарына назар аударды, деп хабарлайды Malim.kz.

Талқылауға тойларда жиі айтылатын Гаухар Әлімбекованың "Ақ келін" әні түсті:

"Алдыменен өзіңді енең сынар,
Енеңдей бол бұл сынға емен шыдар.
Жас келінге қаттырақ қарағаны,
Ширатып бір алайын деген шығар".

Кей қолданушылар бұл шумақта жас келінге қойылатын талап пен ене тарапынан қысым қалыпты жағдай ретінде сипатталған деп санайды.

Желіде "Қыз дегенің қонақ қой ол қашанда" әнінің де мына жолдары сөз болды:

"Қыз дегенің қонақ қой ол қашанда,
Төбесіне-ай алтын қойып бақсаң да.
Шаңыраққа ие болып қалатын
Ұлдың аты ұл ғой шіркін қашанда".

Пікір білдірушілер Ерке Есмаханның "Әйел бақыты" әніндегі әйел бақытын отбасымен байланыстыратын қайырмаға да назар аударды:

"Сіңілім, тоқта, тоқташы,
Шекараң – үйдің қақпасы.
Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты –
Әйелдің бақыты – отбасы".

Осы тақырып аясында Шімән апаның "Келін болсаң инабатты" әні де талқыланды:

"Сен, келін болсаң инабатты,
Үлкендерді сыйла қатты.
"Әулет" деген ғимаратты
Көркейтесің, сенеміз!"

Ал коуч Роза Әшірбаева Қанайдың "Мама" әніндегі кей сөздерді оғаш деп бағалаған. Ол мына жолдарды атап өтті:

"Сөздерің, көздерің кетер емес ойымнан,
Бұйырса сәл шыда,
Жатып алам қойныңа".

Сондай-ақ ол Еркеш Хасеннің "Көзің әдемі, сөзің әдемі, анамнан кейін өзің әдемі" деген жолы ана мен жарды салыстыруға негіз болады деп есептейді.

Ернар Айдардың "Ұнап қалдың анама" әніндегі "Қандай бақыт анам сені ұнатса, Ең алдымен анам разы болса екен" және "Келін керек анама, Адал, дана" деген сөздер де қолданушылар назарынан тыс қалмады.

"МузАрт" тобының "Фарида" әніндегі мына жолдар да сынға ілікті:

"Келін болсаң ауылға, жаным Фа-фа Фарида,
Сиыр сауып, жүн түту – сенің мойныңда".

Кей пікір иелері мұнда келіннің үй шаруасына міндетті адам ретінде бейнеленгенін айтады. Еркін Нұржановтың "Жүр дегенде жүр, қал дегенде қал, Басың ауырса, балмен емдеп ал" деген сөздері де әйелдің қалауы мен жағдайына қатысты талқылау туғызды.

Наркенже Серікбаева орындауындағы "Ұзату" әнінің де бір шумағына назар аударуға болады:

"Жақсы да жаттық болар ма
Жаманға көңілің толар ма
Жұбыңмен келіп тұрғайсың
Жалғыздан жалғыз оралма"

Әсіресе соңғы жолы ұзатылған қыздың үйіне жалғыз оралуына қатысты қалыптасқан түсінік туралы ой қозғайды. Әннің сөзін Исраил Сапарбай, музыкасын Маралбек Бабақұлов жазған.

Қолданушылар атап өткен әндердің қатарында Иса АлиМуса мен Еламан Батырдың "Болашақ келіншегім", Нұрлан Өнербаевтың "Ай мен күн", Koba мен Mans-тың "Жарық", Дана Кентайдың "Қыз бақыты", Заттыбек Көпбосыновтың "Бүлдірген", Асан Пердешовтің "Апа", The Kitchen Songs тобының "Келін", Қанайдың "Үндеме" және Алишер Қонысбаевтың "Ол ару" әндері де бар.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу