Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бір өңірде қар, бір өңірде +17 градус: 16 қарашада ауа райы қандай болады?

MALIMet •
Бір өңірде қар, бір өңірде +17 градус: 16 қарашада ауа райы қандай болады?
Фото: malim.kz\ ЖИ арқылы жасалған

16 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстікте күн жылы болғанымен, шығыс пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнгі аяз күшейеді, деп Malim.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Үш мегаполистегі ауа райы

Астанада жауын-шашын болмайды. Түнде тұман түсіп, жолдар тайғақ болады. Ауа температурасы түнде −4…−2°C, күндіз 0…+2°C. Оңтүстік-шығыстан 2–7 м/с жел соғады.

Алматыда түнде ара-тұра қар жауып, тұман түседі. Күндіз жауын-шашын күтілмейді. Түнгі температура −5…−3°C, күндіз +3…+5°C. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с болады.

Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +1…+3°C, күндіз +14…+16°C болады. Солтүстік-шығыстан 5–10 м/с жел соғады.

Батыс өңірлерде жаңбыр мен қар жауады

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр, қар және көктайғақ күтіледі. Батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Түнде −2…+3°C, күндіз +1…+6°C болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14, түнгі екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Атырау облысында түнде жаңбыр мен қар жауады, күндіз жауын-шашын болмайды. Батысында тұман күтіледі. Түнде 0…+5°C, күндіз +3…+8°C болады. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғып, батысы мен оңтүстігінде екпіні 15–18 м/с-қа жетеді.

Маңғыстау облысында жаңбыр жауады, солтүстігінде тұман түседі. Түнде 0…+5°C, күндіз +5…+10°C болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14, батысы мен солтүстігінде екпіні 15–20 м/с болады.

Ақтөбе облысында жауын-шашын күтіледі. Түнде солтүстік-батысында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Түнгі температура −2…+3°C, күндіз +1…+6°C. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады.

Солтүстікте тұман мен көктайғақ күтіледі

Ақмола облысының батысы, солтүстігі мен шығысында түнде қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Түнде −6…−1°C, күндіз 0…+5°C болады. Оңтүстіктен 9–14 м/с жел соғып, түнде батысы мен солтүстігінде екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр, қар және көктайғақ болжанады. Солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Түнде −5…0°C, күндіз −1…+4°C болады. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9–14, түнгі екпіні 15–20 м/с.

Қостанай облысының батысы, солтүстігі мен шығысында жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Түнде −3…+2°C, күндіз +2…+7°C болады. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғып, батысы мен солтүстігінде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Павлодар облысында жауын-шашын болмайды. Батысы, шығысы мен орталығында тұман түседі. Түнде −8…−3°C, күндіз −2…+3°C болады. Оңтүстіктен 3–8 м/с жел соғады.

Орталық пен шығыста түн суық болады

Қарағанды облысында жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Түнде −12…−7°C, оңтүстігінде −2°C болады. Күндіз −4…+1°C, оңтүстігінде +4°C-қа дейін жылынады. Шығыстан 7–12 м/с жел соғып, күндіз оңтүстігінде екпіні 15 м/с-қа жетеді.

Ұлытау облысында жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Түнде −7…−2°C, күндіз 0…+5°C болады. Шығыстан 9–14 м/с жел соғып, таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Абай облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Түнде −7…−2°C, батысы мен орталығында −10°C болады. Күндіз −3…+2°C, оңтүстігінде +5°C. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында да жауын-шашын болмайды. Солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Түнде −8…−3°C, шығысы мен таулы аудандарында −13°C-қа дейін суытады. Күндіз −2…+3°C болады. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады.

Оңтүстікте күн жылы, оңтүстік-шығыста қар жауады

Түркістан облысында жауын-шашын күтілмейді. Батысы, оңтүстігі, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Түнде −1…+4°C, солтүстігінде −4°C болады. Күндіз +12…+17°C, солтүстігі мен тауларында +9°C. Солтүстік-шығыстан 8–13 м/с жел соғып, күндіз солтүстігінде екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстігі, шығысы мен орталығында тұман күтіледі. Түнде −5…0°C, күндіз +5…+10°C, оңтүстігінде +13°C болады. Шығыстан 9–14 м/с жел соғып, күндіз орталығы мен шығысында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Жамбыл облысында жауын-шашын болмайды. Солтүстігі, оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман түседі. Түнде −5…0°C, тауларда −8°C болады. Күндіз +3…+8°C, тауларда 0°C шамасында. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғып, кей аудандарда 15–20, күндіз екпіні 25 м/с-қа жетеді.

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында түнде қар, күндіз жаңбыр мен қар жауады. Тауларда тұман күтіледі. Түнде −7…−2°C, тауларда −15…−10°C болады. Күндіз +1…+6°C, тауларда −4…+1°C. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғып, тауларда екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Жетісу облысының оңтүстігі, орталығы мен таулы аудандарында түнде қар жауады. Күндіз оңтүстігі мен тауларында жаңбыр мен қар күтіледі. Кей аудандарда тұман түседі. Түнде −7…−2°C, тауларда −12°C, күндіз +1…+6°C, тауларда −3°C болады. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғып, Алакөл маңында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу