freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстау облысы әкімдігінде маңызды өзгеріс: кімдер жаңа қызметке келді?

Саясат •
Маңғыстау облысы әкімдігінде маңызды өзгеріс: кімдер жаңа қызметке келді?
Портфель. Көрнекі фото: pixabay.com

Маңғыстау облысы әкімдігінде кадрлық өзгерістер болды. Ербол Ізбергенов облыс әкімінің бірінші орынбасары, ал Бекбол Орынбасаров облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Тағайындаулар Президент Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімі негізінде жүзеге асқан.

Ербол Ізбергенов кім?

Ербол Күреңтайұлы Ізбергенов 1973 жылғы 11 тамызда Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында дүниеге келген.

Ол еңбек жолын 1991 жылы "Маңғыстаумұнайгазбарлау" кешенді экспедициясының құрылыс-монтаж учаскесінде тас қалаушы болып бастаған.

Кейін құрылыс саласында, Ақтау қаласы әкімдігінде жұмыс істеп, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары, Маңғыстау облыстық құрылыс басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

Сонымен қатар Инвестициялар және даму министрлігі мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде басқарма басшысы болды.

2019-2020 жылдары "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кейін "Атамекен" республикалық кәсіпкерлік палатасының директоры қызметін атқарды.

2020-2023 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, кейін қала әкімі болды.

2024-2025 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Ал 2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап облыс әкімінің орынбасары болып жұмыс істеп келді.

Бекбол Орынбасаров кім?

Бекбол Тілеумұратұлы Орынбасаров 1971 жылғы 18 маусымда Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында туған.

Еңбек жолын 1993 жылы Маңғыстау облыстық Кеден басқармасының «Баутино» кеден бекетінде инспектор қызметінен бастаған.

Әр жылдары банк саласында, Ақтау қаласы әкімдігінде және Маңғыстау облысының мемлекеттік органдарында жұмыс істеді. Ақтау қаласы әкімінің көмекшісі, қала әкімі аппаратының басшысы, тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, сондай-ақ қала әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2006-2008 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Ішкі әкімшілік департаментінде басқарма басшысы болды.

2008-2010 жылдары "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясында активтерді басқару департаментінің директоры, кейін басқарушы директор – корпоративтік хатшы қызметтерін атқарды.

2010-2019 жылдары "Отырар Энерджи" және "Адай" ЖШС компанияларын басқарған.

2020-2021 жылдары "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы" АҚ басқарма төрағасы болды.

2021-2023 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, кейін бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2023-2026 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жетінші және сегізінші шақырылымдарының депутаты болып, Қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комитет құрамында жұмыс істеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу