Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте белгілі асабадан есірткіге ұқсас заттар тәркіленді

Қоғам •
Шымкентте белгілі асабадан есірткіге ұқсас заттар тәркіленді
Фото-коллаж: malim.kz | Polisia.kz

Шымкент қаласындағы қонақ үй кешендерінің бірінде полиция есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы болуы мүмкін деген күдікпен белгілі асабаны ұстады, деп Malim.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция мәліметінше, ұсталған азамат – Астана қаласының 36 жастағы тұрғыны.

Қонақ үй бөлмесін тінту кезінде ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған полимерлі пакет пен өсімдік тектес зат табылып, тәркіленген.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамның жанында интимдік қызмет көрсететін әйел болған.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, ұсталған азамат тәркіленген заттардың мефедрон және «мак» екенін, оларды жеке пайдалану үшін сатып алғанын айтқан.

Қазір тәркіленген заттардың нақты құрамы мен мөлшерін анықтау үшін сараптама жүргізіліп жатыр.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу