freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Бұл туралы енем білмейді": Жұлдыз Әбдікәрімова жеке өмірі туралы қуанышты сүйіншіледі

Қоғам •
"Бұл туралы енем білмейді": Жұлдыз Әбдікәрімова жеке өмірі туралы қуанышты сүйіншіледі
Жұлдыз Әбдікәрімова мен Гүлзира Айдарбекова. Фото-коллаж: Malim.kz / ЖИ

Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова енесі Гүлзира Айдарбековаға жаңа iPhone сыйлап, тосынсый жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесінің жары сыйлықты алдын ала дайындап, енесінің реакциясын әлеуметтік желідегі оқырмандарымен бөліскен.

Жұлдыздың айтуынша, ол жаңадан шыққан бургунди түсті iPhone 18 смартфонын арнайы Гүлзира Айдарбековаға алған. Енесі бұл сыйлық туралы алдын ала білмеген.

Үйге келген Жұлдыз теледидар көріп отырған Гүлзира Айдарбековаға сыйлығын табыстаған. Смартфонды көрген продюсер дәл осы модельді алуды бұрыннан қалап жүргенін айтып, қуанышын жасырмаған.

"Осы 18-ді ұстағым келіп жүр еді. Тұла бойым тұңғышымның сүйіктісі, менің алғашқы қуанышым – келінімнен сыйлық. Құрбыларымның арасында бірінші болып iPhone 18-ді мен ұстадым. Алла баршаңызға осындай бақ берсін. Ене мен келін тату болсын", – деді ол.

Гүлзира Айдарбекова келінінің тосынсыйына ризашылығын білдіріп, бағалы сыйлықтың өзіне ерекше қуаныш сыйлағанын жеткізді.

Еске сала кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова қоғамдағы әйелдердің қауіпсіздігі, отбасындағы жауапкершілік пен адамгершілік мәселесіне қатысты ойын ортаға салған еді.

Жұлдыз Әбдікәрімова кім?

Жұлдыз Әбдікәрімова – қазақстандық театр және кино актрисасы, тележүргізуші. Көпшілікке әнші Қайрат Нұртастың жары ретінде де жақсы таныс. Ол 1988 жылғы 14 сәуірде дүниеге келген. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында актерлік білім алған. 

Жұлдыз бен Қайрат өнер саласында білім алып жүрген жылдары танысқан. Кейін отбасын құрып, ұзақ жылдар бойы жеке өмірін көпшілік назарынан тыс ұстады. Жұлдыз да бір кезеңде шығармашылық қызметіне үзіліс жасап, негізінен бала тәрбиесіне көңіл бөлгенін айтқан. Қазір ерлі-зайыптылар бес бала тәрбиелеп отыр. 

Актрисаның кино саласындағы ең танымал жұмыстарының бірі – 2017 жылы жарық көрген "Арман. Когда ангелы спят" фильмі. Картинада Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртаспен бірге басты рөлді сомдады. Бұл рөлі үшін ол сол жылы "Астана дарыны – 2017" сыйлығының "Кино" аталымымен марапатталды. Кейін фильм АҚШ-та да көрсетілді. 

Шығармашылық үзілістен кейін Жұлдыз Әбдікәрімова телевизиялық жобаларға қатысып, жүргізушілік бағытта да өзін сынап көрді. Сонымен қатар актриса театр сахнасына қайта оралды.

2020 жылы ол халықаралық "Әлем ханымы – 2020" байқауына қатысып, жеңімпаз атанды. Байқау пандемия кезінде онлайн форматта ұйымдастырылып, дауыс беру нәтижесі бойынша Жұлдыз Әбдікәрімова бірінші орын иеленді. Сол жылғы мәлімет бойынша оған тағы 83 қатысушы бәсекелес болған.

2021 жылы актриса Түркістан музыкалық драма театрында қойылған "Махаббат мұнарасы" спектаклінде Сұлу рөлін сомдады. Жұлдыздың айтуынша, ол бұл рөлге кастинг арқылы бекітілген. Бұған дейін театрдың "Бөрте" қойылымындағы Айша рөліне де шақырту алған, алайда басқа жобаларына байланысты қатыса алмаған. 

Кейінгі жылдары актриса театрдағы жұмысын жалғастырды. 2024 жылы Түркістанда сахналанған Уильям Шекспирдің "Ромео мен Джульетта" қойылымына қатысқан актерлер қатарында Жұлдыз Әбдікәрімова да болды. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу