Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстауда әскери қызметшілер қаза тапқаннан кейін Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды қызметкерлері ұсталды

MALIMet •
Маңғыстауда әскери қызметшілер қаза тапқаннан кейін Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды қызметкерлері ұсталды
Фото-коллаж: malim.kz | Polisia.kz

Қызметіне салғырт қарау және ауыр зардаптарға әкеп соққан кеме жүргізу ережелерін бұзу күдігімен Қазақстан Қарулы күштерінің жоғары және аға командалық құрамындағы бес лауазымды тұлға ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Олардың арасында Қарулы күштер Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, екі әскери бөлімнің командирі, теңіз жаяу әскерлері ротасының командирі және катер командирі бар. Бесеуі де күдікті деп танылып, Ақтау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Хазар Қорғаны – 2026" оқу-жаттығуы кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты ІІМ-нің әскери тергеу бөлімшесі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Анықталған мәліметке сәйкес, 24 қыркүйекте Ақтаудан 43 шақырым жердегі Каспий теңізінің жағалауында оқу-жаттығу өткен. Ауа райы қолайсыз кезде "Қайсар" катерінен жағаға түсу барысында әскери қызметшілерді теңіз ағысы алып кеткен.

Тергеу кезінде оқу-жаттығуды ұйымдастыру және өткізу барысында қабылданған шешімдер, қауіпсіздік талаптарының сақталуы, ауа райы мен теңіз жағдайының ескерілуі, катердің техникалық жай-күйі және жеке құрамның қауіпсіздігіне жауапты лауазымды тұлғалардың әрекеті тексеріліп жатыр.

Қажетті тергеу және процестік шаралар жүргізілуде. Күдіктілердің әрқайсының әрекетіне заңда белгіленген тәртіппен құқықтық баға беріледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураның ерекше бақылауында.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу