Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ислам Сәтпаев Азия ойындарында екінші рет жүлдегер атанды

Спорт •
Ислам Сәтпаев Азия ойындарында екінші рет жүлдегер атанды
Ислам Сатпаев. Фото: Нұрғали Жұмағазы / Ұлттық олимпиадалық комитет

Қазақстандық мерген Ислам Сәтпаев Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Ол 50 метрден шағын калибрлі винтовкамен үш қалыпта ату сайысының финалында 348,3 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды. Бұл сында спортшылар жатып, тізерлеп және тұрып нысана көздейді.

Алғашқы екі орын қытайлық мергендерге бұйырды. Париж Олимпиадасының чемпионы Лю Юкунь 360,5 ұпаймен Азия ойындарының рекордын жаңартып, алтын алды. Чжан Чанхун 360,2 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Осы сайысқа қатысқан Константин Малиновский іріктеуді 13-орында, Никита Шахторин 20-орында аяқтап, финалға өте алмады. Қазақстан құрамасы командалық есепте бесінші орынға тұрақтады.

Бұл – Сәтпаевтың Азия ойындарындағы екінші қола медалі. Ол бұған дейін Ханчжоудағы додада Александра Ле екеуі 10 метрден пневматикалық винтовкамен атудан аралас жұптар арасында үшінші орын алған. Екеуі Париждегі 2024 жылғы Олимпиадада да осы сайыстың қола жүлдесін иеленген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу