freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Алла қаласа": Тұрсынбек Қабатов жеке өміріне қатысты қуанышты хабарды айтты

Қоғам •
"Алла қаласа": Тұрсынбек Қабатов жеке өміріне қатысты қуанышты хабарды айтты
Тұрсынбек Қабатов. Фото: tursynbek_kabatov_resmi (Фото ЖИ арқылы өңделген)

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа бағдарламамен гастрольдік сапарға шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі алдағы концерттері туралы айтып, көрермендерін жаңа бағдарламасын тамашалауға шақырды.

"Құрметті достар, Алла қаласа, сіздің сүйікті қалаларыңызға гастрольдік іс-сапармен барамыз. Жаңа бағдарлама. Келіңіздер. Әдемі кештің куәсі болыңыздар", – деп жазды Тұрсынбек Қабатов.

Еске сала кетейік, Тұрсынбек Қабатов көпшілік алдында алғаш рет сұхбат беріп, қазіргі шығармашылық жоспарлары мен көрермендерінің қолдауы туралы айтқан.

Тұрсынбек Қабатов кім?

Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов – қазақстандық әзілкеш, актер, КВН ойыншысы және сатира жанрында танылған өнер иесі. Ол 1979 жылғы 10 қазанда Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Ақпәтер ауылында дүниеге келген.

Тұрсынбек Қабатов көрерменге қазақы қалжыңды өзіндік мәнермен жеткізуі, күнделікті өмір мен қоғамдағы түрлі жағдайларды әзілге айналдыра білуімен танылды.

Өнер жолын 2000 жылы Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясында бастаған. Кейін Көңілді тапқырлар клубына қатысып, әзіл саласында кеңінен таныла бастады.

Студенттік жылдары "Аграрка сарбаздары", "Астана.kz" және "Казахи" командаларының құрамында өнер көрсетті. Әсіресе «Казахи» командасындағы өнері оның Қазақстаннан тыс аудиторияға да танылуына ықпал етті.

2010 жылы командасымен бірге Халықаралық КВН одағы Жоғарғы лигасының вице-чемпионы атанды. Осы кезеңнен кейін Тұрсынбек Қабатов отандық әзіл сахнасындағы танымал тұлғалардың біріне айналды.

Кейін ол жеке шығармашылыққа ден қойып, Астана мен Алматыда концерттер өткізіп, түрлі телевизиялық және әзіл-сықақ жобаларына қатысты.

Тұрсынбек Қабатов театр және продюсерлік бағытта да еңбек етті. Ол "Базар жоқ" театрын құрып, бірқатар әзіл-сықақ жобаларын жүзеге асырды. Сондай-ақ белгілі бір кезеңде "Әзіл әлемі" театрының шығармашылық жұмысына қатысты.

Өнердегі еңбегі үшін бірнеше марапатқа ие болған. 2014 жылы оған "Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі" атағы беріліп, Казталов ауданының құрметті азаматы атанды. 2015 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді.

Бүгінде Тұрсынбек Қабатов – қазақ әзіл-оспақ өнерінде өзіндік стилін қалыптастырған танымал сахнагерлердің бірі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу