freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Халқым мені ақтап алып жатыр": Тұрсынбек Қабатов алғаш рет сұхбат берді

Қоғам
"Халқым мені ақтап алып жатыр": Тұрсынбек Қабатов алғаш рет сұхбат берді
Тұрсынбек Қабатов. Фото: ашық дереккөзден (Фото ЖИ арқылы өңделді)

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов көпшілік алдында алғаш рет сұхбат беріп, қазіргі шығармашылық жоспарлары мен көрермендерінің қолдауы туралы айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесінің сөзінше, ол әлі де концерттерін тұрақты өткізіп жүр. Биыл бірнеше елге гастрольдік сапар жоспарланған.

"Қазір жылына екі гастрольге шығамын. Осы жылғы 25-концертімді берейін деп жатырмын. Биыл Қырғызстан, Өзбекстан, АҚШ-қа барамын. Көрермендерім бар, Аллаға шүкір. Әрқашан зал лық толы отырады", – деді Тұрсынбек Қабатов.

Әзілкеш өзі туралы түрлі сұхбаттар мен пікірлер жарияланған кезде көрермендерінің қолдау білдіретінін де атап өтті.

"Көрермендерім мен туралы сұхбат шығып жатса, 50 де 50 маған жаны ашып, ақтап алып жатады. Жақсы сөздер жазып жатады", – деді ол.

Тұрсынбек Қабатов өзіне қолдау білдіріп жүрген көрермендеріне ризашылығын жеткізіп, шығармашылық жұмысын жалғастырып жатқанын айтты.

Еске сала кетейік, Тұрсынбек Қабатовтың қызы осы уақытқа дейін құлағын тестірмегенін айтып, оның себебін түсіндірген.

Тұрсынбек Қабатов кім?

Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов – қазақстандық әзілкеш, актер, КВН ойыншысы және сатира жанрында танылған өнер иесі. Ол 1979 жылы 10 қазанда Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Ақпәтер ауылында дүниеге келген.

Тұрсынбек Қабатов көпшілікке қазақы қалжыңды шебер жеткізуі, өткір әзілдері және сахнадағы еркін болмысымен танылды. Оның шығармашылығында күнделікті тұрмыс, қоғамдағы түрлі құбылыстар мен ұлттық мінез ерекшеліктері жиі әзілге арқау болады. Өнер жолын 2000 жылы Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясында бастаған. Кейін Көңілді тапқырлар клубына араласып, әзіл саласындағы тәжірибесін шыңдады.

Студенттік жылдары "Аграрка сарбаздары", "Астана.kz" және "Казахи" командаларының құрамында өнер көрсетті. Әсіресе "Казахи" командасындағы ойыны оның Қазақстаннан тыс жерлерге де танылуына ықпал етті.

2010 жылы командасымен бірге Халықаралық КВН одағының Жоғарғы лигасында вице-чемпион атанды. Осы кезеңде ол қазақстандық КВН сахнасындағы ең танымал әзілкештердің біріне айналды.

Кейін Тұрсынбек Қабатов жеке шығармашылыққа ден қойып, Астана мен Алматыда ауқымды концерттер ұйымдастырды. Сонымен қатар телевизиялық бағдарламалар мен түрлі әзіл-сықақ жобаларына қатысты.

Ол шығармашылық қызметін сахнамен ғана шектемей, театр және продюсерлік бағытта да жалғастырды. "Базар жоқ" театрын құрып, әзіл өнеріндегі бірқатар жобаны жүзеге асырды. Сондай-ақ белгілі бір кезеңде "Әзіл әлемі" театрының шығармашылық жұмысына да араласқан.

Тұрсынбек Қабатовтың сахналық жобалары қазақ тіліндегі әзіл-сықақ жанрының танымалдығын арттыруға ықпал етті.

Өнердегі еңбегі бірнеше марапатпен бағаланған. 2014 жылы оған "Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі" атағы берілді. Сондай-ақ Казталов ауданының құрметті азаматы атанды. 2015 жылы Тұрсынбек Қабатовқа Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді.

Бүгінде ол қазақ әзіл-оспақ өнерінде өзіндік стилі қалыптасқан, қоғамдағы түрлі тақырыптарды юмор арқылы жеткізетін танымал сахнагерлердің бірі саналады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу