457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тұрғындарды боқтаған әкім жазаланды

Бұған дейін әлеуметтік желілерде шенеуніктің қатысуымен түсірілген бейнежазба кең тараған

Зайсан аудандық соты Шілікті ауылының әкіміне қатысты әкімшілік құқықбұзушылық ісін қарады. Бұған дейін әлеуметтік желілерде шенеуніктің қатысуымен түсірілген бейнежазба кең тараған болатын, деп хабарлайды Malim.kz.

Желіде тараған видеода ауыл әкімі былапыт сөз айтып, бейәдеп қылық көрсеткен. Кадрлардан ауыл тұрғындарының әкімнің қабылдауына келіп, оның жұмысына қатысты сұрақтар қойғаны байқалады. Әңгіме барысында тараптар арасында жанжал туып, шенеунік өзін ұстай алмай, боқтық сөз айтқан.

Сот анықтағандай, 6 қазан күні сағат 15:00 шамасында әкім акимат ғимаратындағы қызметтік кабинетінде ауыл тұрғындары мен қоғамдық ұйым өкілдерінің көзінше айналасындағыларға құрметсіздік танытып, балағат сөз айтқан.

«Сот отырысы кезінде азамат Т. өз кінәсін толық мойындап, кездесуге қатысушыларға қатысты балағат сөздер айтқанын жоққа шығарған жоқ. Ол жасаған ісіне өкініп, жұртшылықтан кешірім сұрады. Әкімшілік құқықбұзушылықтың жасалғаны куәгерлердің айғақтарымен, сотта қаралған бейнежазбамен және оның өз түсіндірмесімен дәлелденді», – делінген сот хабарламасында.

Зайсан аудандық сотының қаулысымен шенеунік ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 55 048 теңге айыппұл салынды.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: видеодан кадр