457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Есірткі таратқан Петропавл тұрғыны 7 жылға сотталды

Бұл биыл СҚО-да анықталған ең ірі есірткі партияларының бірі болды

Петропавл қаласының 32 жастағы тұрғыны синтетикалық есірткі сатқані үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Тергеу дерегінше, ол қаңтар айында интернет арқылы «жеңіл табыс табу» ниетімен есірткі саудасымен айналысатын онлайн-дүкендердің бірінде ораушы (фасовщик) ретінде жұмыс істей бастаған. Кураторынан тапсырма алып, ірі көлемде жеткізілген есірткіні шағын зип-пакеттерге бөліп, тапсырыс берушілерге жасырын орындар арқылы таратқан.

Біраз уақыттан кейін оның әрекеті құқық қорғау органдарының назарына ілікті. Ақпан айында күдікті Петропавл қаласының шетінде ұсталды. Тінту кезінде жалдамалы пәтерінен 200 грамнан астам мефедрон мен α-PvP есірткі заты табылды. Ал кейін анықталған жасырын қоймадан жарты келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді.
Бұл биыл Солтүстік Қазақстан облысында анықталған ең ірі есірткі партияларының бірі болды.

Сот айыпталушыны аса ірі көлемде есірткі заттарын дайындап, сақтап және таратқаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Фото: Polisia.kz