457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматыда есірткі таратқан жас жігіт ұсталды

Алматыда полицейлер синтетикалық есірткі таратумен айналысқан жас жігіттің заңсыз әрекетінің жолын кесті. 

Тыйым салынған зат тәркіленіп, тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр.

Күдікті қамауға алынды.

— Әрбір есірткі затын анықтап, тәркілеу — азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған нақты қадам. Полиция «Заң және тәртіп» қағидасын жүйелі түрде жүзеге асырып, жастар арасында есірткі тұтынудың алдын алуға және тарату арналарының жолын кесуге ерекше мән береді. Біз есірткі қылмысының кез келген түріне қатаң қарсы тұруды жалғастырамыз, — деді Алматы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде полиция қызметкерлерінің екі адамды тұтқындап жатқан бейнежазбасы тарады.

Фото: Алматы полиция департаменті