Ақорда. Сыртқы істер министрі ауысты

IMAGE: ©gov.kz
Ресми Ақорда Сыртқы істер министрлігіндегі ауыс-түйіс туралы хабарлады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, -
делінген хабарламада.
Сонымен бірге, жаңа сыртқы істер министрі тағайындалды.
Бұл жөніндегі хабарламада:
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", -
делінген.
Кеше, 25 қыркүйек күні бірқатар көмекші мен кеңесші лауазымынан босатылған болатын.