457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан мен Украина СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Украина тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибигамен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Malim.kz.

Сұхбат барысында тараптар екіжақты және көпжақты форматтардағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, өзара қызығушылық тудыратын түрлі салаларда оны одан әрі нығайтуға ортақ мүдделілік білдірді.

М.Нұртілеу өңірдегі тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететін халықаралық құқық қағидаттарына негізделген берік бейбітшілікке қол жеткізу жолындағы дипломатиялық күш-жігерді жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Фото: ҚР СІМ