freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Биыл суға кеткендердің көбі тыйым салынған жерде көз жұмған

Оқиға
Биыл суға кеткендердің көбі тыйым салынған жерде көз жұмған
Фото: Egov.kz

Қазақстанда биылғы шомылу маусымында суға кетуге байланысты қайғылы оқиғалардың көбі шомылуға тыйым салынған жерлерде тіркелген. Ал мұндай оқиғалар ең жиі өзендерде болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Kazinform агенттігінің ресми сауалына берген жауабында мәлім болды.

Министрліктің мәліметінше, биыл шомылуға тыйым салынған жерлерде 80 адам суға батып қаза болған. Ал ресми шомылу орындарында 13 адам көз жұмған.

Су айдындары бойынша алғанда, қайғылы оқиғалардың ең көбі өзендерде тіркелген. Биыл өзендерде 48 адам суға кеткен. Су қоймаларында 22 адам, Каспий теңізінде 11 адам, көлдерде 9 адам, жасанды су айдындарында 2 адам, ал Нұра-Есіл каналында 1 адам қаза болған.

– Қайғылы жағдайлардың негізгі себептері – шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түсу, жүзе білмеу, өз күшін дұрыс бағаламау, алкогольдік мас күйде суға түсу және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру, – делінген министрліктің жауабында.

Қазір елімізде 733 ресми шомылу орны жұмыс істейді. Бұдан бөлек, суға түсуге тыйым салынған 5 129 орын белгіленген.

Министрлік азаматтарды тек рұқсат етілген орындарда шомылып, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу