freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Электронды жеке медициналық кітапша барлық адамға қолжетімді болды

Денсаулық
Электронды жеке медициналық кітапша барлық адамға қолжетімді болды
Фото: ДСМ

Енді барлық азамат үшін қолжетімді тағы бір маңызды сервис – электрондық жеке медициналық кітапша. Бүгінде бұл сервис eGov Mobile және Halyk мобильдік қосымшаларында қолжетімді, деп хабарлайды Malim.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, енді декреттелген кәсіптерде жұмыс істейтін қызметкерлерге қағаз түріндегі медициналық кітапшаны алып жүрудің қажеті жоқ. Телефондағы электрондық медициналық кітапшаны ашу жеткілікті.

Сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық қызмет міндетті медициналық тексерулерден өтуді қашықтан бақылауға мүмкіндік алды. Егер жеке медициналық кітапшада медициналық тексеруден өту мерзімі өтіп кеткені анықталса, қызметкерді жұмыстан уақытша шеттету бойынша жедел шаралар қабылданады.

Қазақстанда алғаш рет мына бағыттарды біріктірген санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бірыңғай цифрлық экожүйесі құрылды:

- мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау;

- декреттелген кәсіптер қызметкерлерінің медициналық тексерулері;

- зертханалық зерттеулер;

- кәсіпорындардың өндірістік бақылауы;

- халықты вакцинациялау мониторингі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу