freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дастан Сәтбаев «Челси» сапындағы алғашқы матчында-ақ гол соқты

Спорт
Дастан Сәтбаев «Челси» сапындағы алғашқы матчында-ақ гол соқты
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаев Лондонның «Челси» клубының негізгі командасы сапындағы алғашқы матчында-ақ көзге түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Ulysmedia.kz сайтының жазуынша, 17 жастағы футболшы Аустралияның «Вестерн Сидней Уондерерс» клубына қарсы жолдастық кездесудің 6-минутында гол соғып, есеп ашты.

Сәтбаев бұл ойынға алғаш рет «Челсидің» негізгі құрамында шықты. Кездесу 28 шілдеде Сиднейдегі «Аккор» стадионында өтіп жатыр.

Маусым алдындағы турне барысында қазақстандық шабуылшыға 36-нөмірлі жейде берілген.

Еске салайық, Дастан Сәтбаевтың «Челсиге» ауысқаны былтыр белгілі болған еді. Алайда ол 2026 жылдың маусым айында ғана алматылық «Қайраттан» кетіп, Лондон клубына ресми түрде қосылды.

17 жастағы Сәтбаев – Қазақстан ұлттық құрамасы тарихындағы ресми матчтарда ең жас гол соққан футболшы. Сонымен қатар ол Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас гол авторларының алғашқы ондығына енген.

Transfermarkt порталының мәліметінше, қазіргі таңда Дастан Сәтбаевтың трансферлік құны – 3,5 миллион еуро. Бұл – Қазақстан ұлттық құрамасы ойыншылары арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

Айта кетейік, «Челси» қазір Аустралия мен Азиядағы маусым алдындағы турнесін өткізіп жатыр. Аустралиялық клубпен кездесу – лондондық команданың турне аясындағы алғашқы жолдастық ойыны.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу