freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан U23 әлем чемпионатын бес медальмен аяқтады

Спорт •
Қазақстан U23 әлем чемпионатын бес медальмен аяқтады
Темірлан Тұрдақын. Фото: United World Wrestling

Қазақстанның грек-рим күресінен жастар құрамасы АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен U23 әлем чемпионатында бес жүлде иеленді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жарыстың соңғы күнінде қазақстандық балуандар қоржынға тағы үш медаль қосты. Темірлан Тұрдақын күміс жүлдегер атанса, Арсен Жұма мен Жохар Узаров қола медаль жеңіп алды.

Темірлан Тұрдақын күміс алды

87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Темірлан Тұрдақын финалға дейін жетті.

Шешуші белдесуде қазақстандық спортшы Иран өкілі Ясин Әли Яздиге жол беріп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Арсен Жұма мен Жохар Узаров қола жүлдегер атанды

55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Арсен Жұма қола медаль үшін белдесуде Қырғызстан өкілі Барсбек Асанқожоевпен кездесті. Қазақстандық балуан қарсыласынан басым түсіп, үшінші орын алды.

130 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Жохар Узаров та жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Бұған дейін Айбек Айтбеков 60 келіде, ал Юсуф Ашрапов 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған еді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде екі алтын, бір күміс және екі қола медаль бар.

Қазақстан командалық есепте екінші орын алды

Қазақстандық грек-рим күресі шеберлері турнир қорытындысында 114 ұпай жинап, жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.

Бірінші орынды 119 ұпай жинаған Иран құрамасы иеленсе, Ресей 105 ұпаймен үшінші болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу