freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Сүйінші, ағайын": Танымал актер Дәнекер Оразбай қуанышты хабарын айтты

Шоу-бизнес •
"Сүйінші, ағайын": Танымал актер Дәнекер Оразбай қуанышты хабарын айтты
Фото: instagram / nurgul_kenzhebekkizi

Қазақстандық танымал әзілкеш, "Нысана" әзіл-сықақ театрының мүшесі Дәнекер Оразбайдың отбасында қуанышты жаңалық болды. Бұл туралы оның әріптесі әрі жақын досы Абай Аязбаев әлеуметтік желідегі парақшасында сүйінші сұрап хабарлады, деп хабарлайды Malim.kz.

Абай Аязбаев әлеуметтік желідегі жазбасында әріптесі әрі жақын досы Дәнекер Оразбайды қызды болуымен құттықтап, ақ тілегін арнады.

"Қош келдің, кішкентай ханшайым! Бүгін қуанышымыз еселеніп, ортамыз тағы бір сүйінші хабармен толықты! Досым, ағам Дәнекер қызды болды!" – деп жазды әзілкеш.

Сонымен қатар ол Дәнекер Оразбай мен оның жары Нұргүл Кенжебекқызына ізгі тілегін жеткізді.

"Дәнекер, қызыңның бауы берік, ғұмыры ұзақ, дені сау, қадамы құтты болсын! Ата-анасының көз қуанышы, елінің мақтанышы болып өссін! Нұргүл, қызыңның күлкісі шаңырағыңнан, бақ-береке төріңнен кетпесін! Қуаныштарың құтты болсын!" – деді Абай Аязбаев.

Осылайша өнер иесі әріптесінің отбасындағы қуанышты жаңалықты көпшілікпен бөлісіп, сәбиге ұзақ ғұмыр, ата-анасына амандық тіледі.

"Нысана" театры туралы

Айта кетейік, "Нысана" – қазақстандық танымал әзіл-сықақ театрларының бірі. Ұжым көрерменге күнделікті өмірдегі түрлі жағдайларды, отбасылық қарым-қатынастар мен қоғамдағы өзекті мәселелерді әзіл арқылы жеткізетін қойылымдарымен белгілі.

Театр құрамында өнер көрсеткен Дәнекер Оразбай мен Абай Аязбаев әзіл жанрындағы шығармашылық жұмыстарымен көпшілікке танылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу