freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Келіншегіңді түземе": тойда айтылған тілек жұртты екіге бөлді

Қоғам •
"Келіншегіңді түземе": тойда айтылған тілек жұртты екіге бөлді
Фото-коллаж: видеодан скриншот \ ЖИ арқылы өңделген

Сіңлісінің тойында күйеу жігітке ақыл айтып, жас жұбайларға тілек білдірген құдашаның сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Бірі оның айтқанын қолдаса, енді бірі сөзі мен сөйлеу мәнерін сынады, деп хабарлайды Malim.kz.

Тойда сөз алған қыздың әпкесі күйеу жігітке отбасылық өмірдегі жауапкершілігін еске салып, сіңлісін болмысымен қабылдауды сұраған.

"Біздер қызымызды табыстауға келдік. Расымен де, төрге де, көрге де сүйрейтін әйел емес. Жиырма жасыңа дейін өзіңді сүйреген – өзің. Келіншегіңді де сүйрейтін – сенсің. Ешқашан сынба, сен ер азаматсың", – дейді ол.

Құдаша сөзін жалғастырып, күйеу жігітке анасына, әпкелеріне және жарына түсіністікпен қарау керегін айтқан.

"Сынатын біз, біз қисық қабырғамыз, қисықпыз. Бірақ бізді түземе. Әрқашан бізді қалай бармыз, солай қабылда. Анаңды да, апаларыңды да, мына келіншегіңді де. Ешкім сенің келіншегіңді түземесін. Сен де түземе, қалай бар, солай қабылда, жаным", – деді қыздың әпкесі.

Сөз соңында ол жас жұбайларға бақыт тілеп, өмір жолын бірге таңдап, қандай жағдай болса да қатар жүруге шақырды.

Алайда тілекке қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірқатары құдашаның ойын құптап, "Өте дұрыс айтады", "Дұрыс, келісемін" деп жазған.

Ал қарсы пікір білдіргендер отбасында екі адамның да бір-біріне бейімделуі маңызды екенін алға тартты.

"Қалай бар, солай қабылда деген дұрыс емес. Екеуі бір-біріне икемделуі керек", – деп пікір қалдырған оқырмандардың бірі.

Кей қолданушылар тілектің мазмұнынан бөлек, оның айтылу мәнеріне назар аударған.

"Сонша тістеніп, қадалып тілек айтқаны ерсі екен", "Ұрысып айтып тұрған сияқты ма, қалай өзі?" – деп жазды олар.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу