freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Балаларды тәрбиелеудің қажеті жоқ": төрт баланың әкесі Бүркіт не айтқысы келді?

Шоу-бизнес •
"Балаларды тәрбиелеудің қажеті жоқ": төрт баланың әкесі Бүркіт не айтқысы келді?
Фото-коллаж: видеодан скриншот \ ЖИ арқылы өңделген

Танымал әнші Бүркіт бала тәрбиесіне қатысты ойын бөлісті. Өнер иесі жұбайы Аиша екеуі балаларына дұрыс бағыт беру үшін алдымен өз мінез-құлқына мән беру керек деген шешімге келгенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Әншінің пікірінше, балалар ата-анасының айтқан сөзінен ғана емес, күнделікті іс-әрекетінен де үлгі алады. Сондықтан тәрбие үлкендердің өзінен басталуға тиіс.

"Бізге балаларды тәрбиелеудің қажеті жоқ. Біз өзімізді тәрбиелеуіміз керек. Балалар бізге қарайды. Мен өзімді керемет әкемін, балаларға қандай тәрбие керек екенін білемін деп айта алмаймын. Ештеңе де білмеймін. Мен де үйреніп жүрмін. Әйелім де үйреніп жүр", – деді Бүркіт.

Өнер иесі әке болудың қыр-сырын әлі де меңгеріп жүргенін жасырмады. Оның айтуынша, жұбайы екеуі күн сайын бала тәрбиесіне қатысты жаңа нәрсе үйреніп, өздеріне де сын көзбен қарауға тырысады.

Айта кетейік, Бүркіттің шын есімі – Айбек Жансейітов. Әнші мен Аиша төрт бала тәрбиелеп отыр. Ерлі-зайыптылардың төртінші сәбиі 2025 жылдың мамыр айында дүниеге келген.

Бүркіт кім?

Бүркіт – қазақстандық эстрада әншісі, продюсер әрі актер. Шын есімі – Айбек Жансейітов. Ол 1978 жылғы 12 шілдеде Тараз қаласында дүниеге келген. Әкесі ішкі істер саласында қызмет еткен, анасы – ақын.

Өнер иесі 2002 жылы продюсер Евгений Жағалтаевпен танысып, жеке әншілік жолын "Бүркіт" сахналық атымен жалғастырған. Кейін Алматыға қоныс аударып, шығармашылығын дамытқан. Ол қазақ және орыс тілдерінде ән орындайды.

2008 жылы болашақ жұбайы Аишамен танысқан. Алғашында екеуін шығармашылық байланыс жақындастырған: Бүркіт Аишаның продюсері болып, оның әншілік жолын бастауына көмектескен. Кейін бұл таныстық махаббатқа ұласып, жұп 2010 жылы шаңырақ көтерген. Аишаның шын есімі – Виктория.

Бүркіт пен Аиша жеке шығармашылықтарын қатар дамытып, дуэт ретінде де танылды. 2009 жылы Аишаның "Раба любви" әніне бейнебаян жарық көрген. Бұл туындының музыкасын Бүркіт жазған. Ерлі-зайыптылар кейін де бірлескен әндер мен бейнебаяндар ұсынып, сахнада бірге өнер көрсетіп келеді.

Бүркіт музыкамен қатар кино саласында да жұмыс істейді. Ол "Логово", "Загадай желание" және "Супер агенты" фильмдерінің продюсері болған. 2022 жылы көрерменге ұсынылған "Супер агенты" комедиясында өзі де рөл сомдаған.

Өнер иесі әлеуметтік желіде шығармашылығымен қатар отбасылық өмірінен де сәттер бөліседі. Жұбайымен және балаларымен бірге әзіл видеолар түсіріп, саяхаттары туралы жариялап тұрады.

Бүгінде Бүркіт пен Аиша төрт бала тәрбиелеп отыр. Отбасының төртінші сәбиі 2025 жылдың мамыр айында дүниеге келген. Әнші әке болуды үнемі үйренуді қажет ететін жауапкершілік деп түсінеді. Оның айтуынша, балаларға үлгі көрсету үшін ата-ана алдымен өз мінез-құлқы мен іс-әрекетіне мән беруі керек.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу