freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бельгия королінің алдында ән шырқады: Балжан Бидаш ерекше сәтімен бөлісті

Шоу-бизнес •
Бельгия королінің алдында ән шырқады: Балжан Бидаш ерекше сәтімен бөлісті
Фото: Instagram / bidash_official

Танымал қазақстандық әнші Балжан Бидаш Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильданың Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өткен салтанатты шарада өнер көрсетті. Әнші халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шараға қатысқанын әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Балжан Бидаш Instagram парақшасында салтанатты шарадан түсірілген суреттерімен бөлісіп, ерекше әсер алғанын жеткізді.

Әншінің айтуынша, ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауына орай ұйымдастырылған іс-шарада Президенттік оркестрдің сүйемелдеуімен ән орындаған.

"Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қабылдауына орай, Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданың елімізге мемлекеттік сапары аясында Президенттік оркестрдің сүйемелдеуімен өнер көрсету мәртебесіне ие болдым", – деп жазды әнші.

Өнер иесі мұндай жоғары деңгейдегі халықаралық іс-шарада қазақ өнерін таныстыру өзі үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті.

"Осындай жоғары деңгейдегі халықаралық шарада қазақ өнерін дәріптеп, ұлттық мәдениетімізді таныстыру мен үшін зор мәртебе. Қазақ әнінің үні әлемнің әр сахнасында естіле берсін!", – деді Балжан Бидаш.

Әлеуметтік желіде жарияланған суреттерден әншінің ұлттық нақыштағы бас киім мен нәзік қызғылт түсті сахналық көйлек кигенін көруге болады. Сахнада Президенттік оркестр музыканттарына арналған орындар мен аспаптар қойылған.

Балжан Бидаш кім?

Балжан Бидаш – қазақстандық әнші, танымал "KeshYOU" тобының бұрынғы мүшесі. Ол 1998 жылы дүниеге келген. Өнерге бала кезінен жақын болып өскен әнші алғашқы табысын мектеп қабырғасында жүргенде музыкалық аранжировка жасау арқылы тапқан.

Балжан Бидаш "KeshYOU" тобында өнер көрсетіп, көпшілікке кеңінен танылды. Кейін топтан кетіп, жеке шығармашылық жолын бастады.

Әнші тұрмыс құрғаннан кейін бірнеше жыл сахнадан қол үзіп, шығармашылығына үзіліс жасаған. Кейін өнерге қайта оралып, жеке әндерін орындауды жалғастырды.

2026 жылы Балжан Бидаш музыкамен қатар сән саласында да бағын сынап, ұлттық ою-өрнектерді заманауи киім үлгілерінде қолдану жоспары бар екенін айтқан.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу