freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Бөпесінің қырқынан шыққанына бір ай толды": Ләйлә Сұлтанқызы Дариға мен Олжас туралы айтты

Шоу-бизнес •
"Бөпесінің қырқынан шыққанына бір ай толды": Ләйлә Сұлтанқызы Дариға мен Олжас туралы айтты
Фото: Instagram - sultankyzy

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың сәби сүюді армандаған отбасына көмектескенін айтты. Ол Instagram парақшасында өнер иелерінің "Мәриям" қорына демеушілік жасап жүргенін жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Тележүргізуші жазбасын "Олжас пен Дариғаның бөпесінің қырқынан шыққанына бір ай толды" деген сөзбен бастаған. Алайда әңгіме екеуінің ортақ баласы туралы емес, олардың қолдауымен сәбилі болған оралдық отбасы жайында болған.

Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, бұл жұп бірнеше жыл бойы ата-ана болуды армандап, талай қиындықты бастан өткерген. Бірнеше рет жасалған ЭКО нәтижесіз аяқталған. Кейін "Мәриям" қорының көмегімен армандарына жетіп, сәби сүйген.

Дариға Бадықова мен Олжас Абай осы отбасыға қолдау көрсеткен демеушілердің қатарында болған. Тележүргізуші олардың кинодағы шығармашылығымен қатар, өмірде де қайырымдылыққа үлес қосып жүргенін атап өтті.

"Біреудің қолдауы – бір отбасының өмірін өзгертіп, үлкен арманын ақиқатқа айналдыруы мүмкін", – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Malim.kz Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың отбасын құрғаны туралы жазған еді. Әлеуметтік желіде олардың тойынан кадрлар тарап, көпшіліктің назарын аударған.

Дариға Бадықова кім?

Дариға Бадықова – қазақстандық актриса әрі продюсер. Көрерменге "Келінжан" телехикаясындағы Айсара және "Қазақша бизнес" фильмдеріндегі Мақпал рөлдерімен танылған. Кейін продюсерлікпен айналысып, "Таптым-ау сені" және оның жалғасын түсіруге атсалысты. Бұл жобаларда Олжас Абаймен бірге басты рөлдерді сомдады.

Олжас Абай кім?

Олжас Абай – қазақстандық актер, әнші және кинопродюсер. Ол кино жобаларына қатысып, музыкалық шығармашылығын да қатар алып жүр. Дариға Бадықовамен бірге "Таптым-ау сені" фильмінде және оның жалғасында ойнаған. Екінші бөлімде олардың кейіпкерлері Сәуле мен Жексеннің отбасылық өмірі, сәби сүюге деген арманы баяндалады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу