freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Олжас пен Дариғаның бөпесінің қырқынан шыққанына бір ай толды": Ләйлә Сұлтанқызы тойда ерекше тілек арнады

Қоғам •
"Олжас пен Дариғаның бөпесінің қырқынан шыққанына бір ай толды": Ләйлә Сұлтанқызы тойда ерекше тілек арнады
Фото: instagram.com/sultankyzy

Бүгін актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абайдың үйлену тойы өтті. Бұған дейін желіде екі өнер иесінің тойына ұқсас шарадан түсірілген кадрлар тарап, олардың отбасын құрғаны қызу талқыланған еді, деп хабарлайды Malim.kz.

Осы күні белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы да Дариға Бадықова мен Олжас Абайға қатысты жылы жазба жариялап, олардың қайырымдылыққа үлес қосып жүргенін айтты.

Оның сөзінше, актерлер Mariyam қорына қолдау көрсетіп, бірнеше жыл бойы сәби сүюді армандаған оралдық отбасының ЭКО бағдарламасынан өтуіне көмектескен.

"Олжас пен Дариғаның бөпесінің қырқынан шыққанына бір ай толды. Кино әлемі бір бөлек, ал өмірде Олжас пен Дариға – біздің "Мәриям" қорының демеушілері.

Олар қолдау көрсеткен оралдық жұп бірнеше жыл бойы ата-ана болуды армандап, талай қиындықты бастан өткерген. Бірнеше сәтсіз ЭКО әрекетінен кейін, қорымыздың қолдауымен армандарына жетіп, бүгінде ата-ана атанып, бақытқа кенеліп отыр.

Біреудің қолдауы – бір отбасының өмірін өзгертіп, үлкен арманын ақиқатқа айналдыруы мүмкін", – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Тележүргізушінің жазбасынан Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың көпшілікке жария етпей-ақ қайырымдылық шараларына атсалысып жүргенін аңғаруға болады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде "Олжас Абай & Дариға Бадықова", "Бақытты болыңыздар" деген жазулары бар безендірулер мен "O&D»"таңбасы басылған тойбастарлардың суреттері тараған еді. Кейін Дариға Бадықова да әлеуметтік желіде "Тек бақыт тілеңіздер" деп жазып, жеке өміріне қатысты пікір білдірген болатын.

Дариға Бадықова кім?

Дариға Болатқызы Бадықова – қазақстандық актриса, продюсер және кино саласында бірнеше жобаны жүзеге асырған өнер иесі. Ол 1985 жылғы 1 желтоқсанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында "Музыкалық драма және режиссура" мамандығы бойынша білім алған.

Шығармашылық жолының алғашқы кезеңінде театрда еңбек етті. Кейін телевизиялық жобалар мен киноға ауысып, көрерменге кеңінен таныла бастады. Оның танымалдығын арттырған жобалардың бірі – "Келінжан" телехикаясы. Бұл сериалда Дариға Бадықова Айсараның образын сомдады.

Актриса «Қазақша бизнес» франшизасында, «Гудбай, мой бай!», «Хотя бы кинода 2» және басқа да фильмдерде рөл сомдаған. Кейінгі жылдары актерлікпен қатар продюсерлік бағытқа да белсенді бет бұрды.

Дариға Бадықованың шығармашылығындағы маңызды жобалардың бірі – «Таптым-ау сені» фильмі. Бұл туындыда ол Олжас Абаймен бірге басты рөлдердің бірін сомдап, жобаның шығармашылық жұмысына да атсалысты. Кейін фильмнің жалғасы түсірілді.

2026 жылы актриса құтқарушылардың жұмысына арналған жаңа кино жобасын қолға алғанын хабарлады. Түсірілім Өскемен қаласында өтіп, фильм төтенше жағдайлар қызметкерлерінің өмірі мен еңбегіне арналған.

Олжас Абай кім?

Олжас Абай – қазақстандық актер және продюсер. Ашық кино дерекқорларында оның 1991 жылы дүниеге келгені көрсетіледі. Ол Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында драма театры және кино актері мамандығы бойынша білім алған.

Оқу орнын тәмамдағаннан кейін бірнеше жыл Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек еткені туралы дерек бар. Сонымен қатар шығармашылық жолының алғашқы кезеңінде ән айтып, жүргізушілікпен де айналысқан.

Олжас Абай кино және телехикаялардағы рөлдері арқылы кеңінен танылды. Оның фильмографиясында «Брат или брак», «Сиситай», «Класстастар», «Базар жоқ, Мексика!», «Zero», «Ауылбайский участковый», «Хотя бы кинода 2», «Таптым-ау сені» және басқа да жобалар бар.

Актердің кино саласындағы жұмыстары негізінен комедия, драма және мелодрама жанрларын қамтиды. Ашық кино дерекқорларында оның актер ретінде 20-дан астам жобаға қатысқаны көрсетілген. Сонымен қатар продюсерлік бағытта да жұмыс істейді.

Олжас Абай мен Дариға Бадықова бірнеше киножобада бірге еңбек еткен. Соның ішінде «Таптым-ау сені» және оның жалғасы көрермен арасында кеңінен танылды.

Олжас Абай актерлікпен қатар музыкамен де айналысқан. Кейбір өмірбаяндық материалдарда оның ән жазып, сахнада орындаушы ретінде де өнер көрсеткені айтылады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу