freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шықпайды": Дариға Бадықова актер Олжас Абайға тұрмысқа шықты

Қоғам •
"Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шықпайды": Дариға Бадықова актер Олжас Абайға тұрмысқа шықты
Дариға Бадықова мен Олжас Абай. Фото-коллаж: Malim.kz / ЖИ

Актриса әрі продюсер Дариға Бадықова актер Олжас Абаймен отбасын құрғанын аңғартатын жазба жариялады. Өнер иесі Instagram парақшасында жеке өміріне қатысты пікір білдіріп, көпшіліктен тек бақыт тілеуді сұрады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың тойына ұқсас шарадан түсірілген кадрлар тараған еді. Суреттердің бірінде екі актердің фотосы қойылып, "Олжас Абай & Дариға Бадықова" және "Бақытты болыңыздар" деген жазулар көрінген. Сондай-ақ "O&D" белгісі бар тойбастар сыйлықтарының фотолары жарияланды. Алғашында бұл шараның нақты қандай жиын екені ресми түрде айтылмаған болатын.

Кейін желіде Дариға Бадықоваға сырға тағылған сәттен видео да тарады. Кадрларда жігіт жақтың өкілі актрисаға сырға тағып, бақыт тілегені көрінеді.

Осыдан кейін Дариға Бадықова өзі әлеуметтік желіде жазба жариялады.

"Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды. Тағдырдың жазғанын ешкім өзгерте алмайды. Қалай десек те, кім не ойласа да, әр адамның өз тағдыры, өз бақыты бар. Біреудің бақытына төрелік айту бізге бұйырмаған. Біз ешкімнен ештеңе сұрамаймыз. Ешкімге ештеңе дәлелдеуге де міндетті емеспіз. Тек бақыт тілеңіздер! Өйткені ақ ниетпен айтылған бір ауыз тілек мың түрлі пікірден қымбат", – деп жазды Дариға Бадықова.

Осы жазбадан кейін бірқатар қазақстандық БАҚ актрисаның Олжас Абайға тұрмысқа шыққанын хабарлады.

Айта кетейік, Дариға Бадықова мен Олжас Абай бұған дейін бірнеше киножобада бірге жұмыс істеген. Соның ішінде екеуі "Таптым-ау сені" комедиясында бірге түскен.

Еске сала кетейік, Олжас Абай актриса Дариға Бадықовамен арадағы қарым-қатынасына қатысты жазба жариялап, оған деген сезімін ашық білдірген еді.

Дариға Бадықова кім?

Дариға Болатқызы Бадықова – қазақстандық актриса, продюсер және кино саласында бірнеше жобаны жүзеге асырған өнер иесі. Ол 1985 жылғы 1 желтоқсанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында "Музыкалық драма және режиссура" мамандығы бойынша білім алған.

Шығармашылық жолының алғашқы кезеңінде театрда еңбек етті. Кейін телевизиялық жобалар мен киноға ауысып, көрерменге кеңінен таныла бастады. Оның танымалдығын арттырған жобалардың бірі – "Келінжан" телехикаясы. Бұл сериалда Дариға Бадықова Айсараның образын сомдады.

Актриса "Қазақша бизнес" франшизасында, "Гудбай, мой бай!", "Хотя бы кинода 2" және басқа да фильмдерде рөл сомдаған. Кейінгі жылдары ол актерлікпен қатар продюсерлік бағытқа да белсенді бет бұрды.

Дариға Бадықованың шығармашылығындағы жеке жобалардың бірі – "Таптым-ау сені" фильмі. Бұл туындыда ол Олжас Абаймен бірге басты рөлдердің бірін сомдады және жобаның шығармашылық жұмысына атсалысты. Кейін фильмнің жалғасы да түсірілді.

2026 жылы Дариға Бадықова құтқарушылардың жұмысы туралы жаңа фильм түсіріп жатқанын хабарлады. Түсірілім Өскемен қаласында өтіп, жоба төтенше жағдай қызметкерлерінің өмірі мен еңбегіне арналған.

Олжас Абай кім?

Олжас Абай – қазақстандық актер және продюсер. Ашық кино дерекқорларында оның 1991 жылы дүниеге келгені көрсетіледі. Ол Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында драма театры және кино актері мамандығы бойынша білім алған.

Оқу орнын тәмамдағаннан кейін бірнеше жыл Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек еткені туралы дерек бар. Сонымен қатар шығармашылық жолының алғашқы кезеңінде ән айтып, жүргізушілікпен де айналысқан.

Олжас Абай көрерменге кино және телехикаялардағы рөлдері арқылы кеңінен танылды. Оның фильмографиясында "Брат или брак", "Сиситай", "Класстастар", "Базар жоқ, Мексика!", "Zero", "Ауылбайский участковый", "Хотя бы кинода 2", "Таптым-ау сені" және басқа да жобалар бар.

Актердің кино саласындағы жұмыстары негізінен комедия, драма және мелодрама жанрларын қамтиды. Кинопоиск дерегінде оның актер ретінде 20-дан астам жобаға қатысқаны көрсетілген. Сонымен қатар продюсерлік жұмыстары да бар.

Олжас Абай мен Дариға Бадықова бірнеше киножобада бірге жұмыс істеген. Соның ішінде "Таптым-ау сені" және оның жалғасы көрермен арасында кеңінен танылды.

Олжас Абай актерлікпен қатар музыкамен де айналысқан. Кейбір өмірбаяндық деректерде оның ондаған ән жазып, сахнада орындаушы ретінде де өнер көрсеткені айтылады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу