freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Келіннің алтынына күйеуі де, енесі де таласа алмайды: отбасылық дауға сот нүкте қойды

Оқиға •
Келіннің алтынына күйеуі де, енесі де таласа алмайды: отбасылық дауға сот нүкте қойды
Фото: ЖИ арқылы жасалған

Тойда келінге тағылған алтын кімге тиесілі? Күйеуі немесе енесі оны өзінде ұстап, қайтарудан бас тарта ала ма? Алтын әшекейлерге қатысты отбасылық дау Жоғарғы сотқа дейін жетіп, судьялар әйелдің меншік құқығын қорғаған шешім шығарды, деп хабарлайды  Malim.kz.

APP ақпарат агенттігінің жазуынша, сот той кезінде әйелге жеке пайдалануы үшін берілген алтын мен сыйлықтардың тек өзіне тиесілі екенін анықтаған. Күйеуі де, оның туыстары да бұл мүлікке иелік ете алмайды. 

Әйел ата-анасы сыйлаған алтынды қайтаруды сұраған

The Express Tribune мәліметінше, істі қарау барысында әйел ата-анасының үйлену тойында өзіне 87 тола алтын әшекей сыйлағанын айтқан. Ол бұл бұйымдардың жеке пайдалануы үшін берілгенін және өзінің меншігі екенін мәлімдеген.

Күйеуі төменгі соттың шешімімен келіспей, жоғары сотқа шағымданған. Алайда Жоғарғы сот оның шағымын қанағаттандырмай, әйелдің алтын мен жеке сыйлықтарға иелік ету құқығын растаған. 

Сыйлықтың атауы емес, кімге берілгені маңызды

Сот мүліктің кімге тиесілі екенін анықтағанда, оның қалай аталғанына ғана сүйенуге болмайтынын түсіндірген. Негізгі мәселе – сыйлықты берген адамның ниеті және оның қандай мақсатпен табысталғаны.

Егер алтын, әшекей немесе басқа зат әйелдің жеке пайдалануы үшін сыйланса, ол әйелдің меншігі болып қалады. Бұл қағида ата-анасы мен туыстары берген дүниеге ғана емес, күйеуі немесе оның отбасы сыйлаған бұйымдарға да қатысты. 

Енесі алтынды қайтармаса не болады?

Судьялар күйеуінің немесе оның туыстарының келінге тиесілі әшекейлерді рұқсатсыз алып қоюға, өзінде ұстап қалуға немесе пайдалануға құқығы жоқ екенін атап өткен. Мұндай әрекет әйелді өз мүлкіне иелік ету мүмкіндігінен заңсыз айыру деп бағаланған.

Сондай-ақ әйел алтындарын, жасауын немесе жеке заттарын қайтару үшін отбасылық істерді қарайтын сотқа жүгіне алатыны түсіндірілген. Егер әшекейлерді күйеуі мен енесі бірге ұстап отырса, екеуіне қатысты да талап қоюға болады. 

Бұл іс Пәкістанда қаралған. Жоғарғы соттың шешімі туралы ақпарат 2026 жылғы маусымда жарияланды. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу