15 қазанда Қазақстан өңірлерінде ауа райы әртүрлі болады: шығыста жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ күтілсе, батыста күндіз ауа температурасы 28 градусқа дейін көтеріледі. Бірқатар облыста тұман түсіп, жел күшейеді, деп Malim.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 79 градус жылы болады.
Алматыда кей уақытта жаңбыр жауады. Күндіз жел екпіні 13 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 16-18 градус жылы болады.
Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Жел 8-13 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде 8-10, күндіз 24-26 градус жылы болады.
Ақмола облысында жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең батыста, солтүстік пен шығыста тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде 1-6 градус аяз, батысы мен солтүстігінде 9 градус аязға дейін суытады. Күндіз 4-9, батысында 12 градус жылы болады.
Ақтөбе облысында жауын-шашын күтілмейді. Солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел 7-12 м/с жылдамдықпен соғып, күндіз екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Түнде 4-9, батысында 12 градус жылы, солтүстік-шығысында 1 градус аяз болады. Күндіз 19-24, солтүстік-шығысында 16 градус жылы күтіледі.
Алматы облысында оңтүстікте жаңбыр, таулы аудандарда жаңбыр мен қар жауады. Жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде 4-9 градус жылы, тауда 4 градус аяз бен 1 градус жылы аралығында болады. Солтүстігі мен батысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді. Күндіз 15-20, тауда 5-10 градус жылы күтіледі.
Атырау облысында түнде батыста аздаған жаңбыр жауады. Күндіз солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с болады. Түнде 13-18, шығысында 10 градус жылы. Күндіз 22-27 градус жылы болады.
Абай облысында түнде батыста, шығыс пен оңтүстікте жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз шығысы мен орталығында аздаған жауын-шашын күтіледі. Жел екпіні 25 м/с-қа жетеді. Түнде 1-6 градус аяз, оңтүстігінде 1-6 градус жылы болады. Күндіз 2-7, оңтүстігінде 12 градус жылы күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында түнде батысы мен оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Күндіз жауын-шашын болмайды. Оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде 8-13, оңтүстігінде 16 градус жылы, күндіз 20-25 градус жылы болады.
Жамбыл облысында жауын-шашын күтілмейді. Таулы аудандарда тұман түседі. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады. Түнде 5-10, тауда 2 градус жылы. Күндіз 17-22, солтүстігі мен таулы аудандарында 14 градус жылы күтіледі.
Жетісу облысында шығыста жаңбыр, таулы аудандарда жаңбыр мен қар жауады. Тауда тұман түседі. Алакөл маңында жел екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан да жоғары болады. Түнде 4-9 градус жылы, тауда 2 градус аяз күтіледі. Күндіз 12-17, тауда 8 градус жылы болады.
Қарағанды облысында түнде солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр және қар жауып, көктайғақ болады. Шығысында тұман күтіледі. Күндіз жауын-шашын болмайды. Жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде 1-6 градус аяз, оңтүстігінде 6 градус жылы. Күндіз 4-9, оңтүстігінде 12 градус жылы болады.
Қостанай облысында жауын-шашын күтілмейді. Батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Жел түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде 2-7 градус жылы, солтүстігі мен шығысында 2 градус аязболады. Күндіз 10-15, оңтүстігінде 18 градус жылы күтіледі.
Қызылорда облысында жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғып, күндіз шығысы мен орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде 5-10, күндіз 21-26 градус жылы болады.
Маңғыстау облысында түнде батысы мен орталығында аздаған жаңбыр жауады. Солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с болады. Түнде 13-18, шығысында 10 градус жылы. Күндіз 23-28 градус жылы болады.
Павлодар облысында жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең батысында, оңтүстігі мен орталығында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде 1-6 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы болады.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде 2-7 градус аяз, күндіз 5-10 градус жылы болады.
Түркістан облысында жауын-шашын күтілмейді. Таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел 8-13 м/с жылдамдықпен соғып, кей жерлерде 15-20 м/с-қа күшейеді. Түнде 8-13, тауда 4 градус жылы. Күндіз 22-27, тауда 19 градус жылы болады.
Ұлытау облысында жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде 3-8 градус жылы, шығысында 1 градус аяз күтіледі. Күндіз 10-15, оңтүстігінде 20 градус жылы болады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен қар жауып, кей уақытта күшейеді. Шығысы мен таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел екпіні 25 м/с-қа жетеді. Түнде 1-6 градус аяз, оңтүстігінде 2 градус жылы болады. Күндіз 3-8 градус жылы, шығысы мен таулы аудандарында 2 градус аяз күтіледі.