freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Нұрай пышақпен оң жақ бүйірімнен ұрды": Күдікті Шерхан Аймаханнан жауап алынды

Құқық
"Нұрай пышақпен оң жақ бүйірімнен ұрды": Күдікті Шерхан Аймаханнан жауап алынды
Фото: instagram.com/ayankhan_omarov_advocate

Шымкентте Нұрай Серікбайдың соты басталды. Сотталушы 29 жастағы Шерхан Аймаханнан жауап алынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Айтуынша, ол Нұраймен 2025 жылдың жазында кездесе бастаған. Ол оған үнемі ақша аударып, сыйлық беріп, қазан айында үйленеміз деп шешкенін айтады.

11 қаңтарда қайғылы оқиға болған кезде Аймахан қызды кездесуге шақырып, айырылысатынын айтып, сақинаны қайтарады.

"Айырылысып жатырмыз" десем, ол ашуланып, сақинаны лақтырып жіберді. Нұрай кеудемнен ұрып, әдепсіз сөздер айтты. Қалтада пышақтар барын сездім. Кішісін алып шығып, оған бердім де, "Ұрғаннан гөрі осыны тық" дедім. Нұрай пышақ алып, оң жақ бүйірімнен ұрды... Әрі қарай не болғаны есімде жоқ", – деді сотталушы.

Сонымен қатар айыпталушы Нұрайдың туыстары олардың қарым-қатынасын білетінін және кездесуге келіскендерін айтты.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте көшеде пышақ жарақатынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты отырыс тікелей эфирде көрсетілмейтінін жазған едік.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу