freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Оралда 6 жасар бала суға батып көз жұмды

Оқиға
Оралда 6 жасар бала суға батып көз жұмды
Malim.kz

Оралда суға батып кеткен алты жасар баланың қалай қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz Kazinform.kz сайтына сілтеп. 

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, оқиға 25 шілде күні «Арна» демалыс базасында болды. 
Суға батып кеткен алты жасар ұл баланы құтқарушы алып шыққан. Жедел жәрдем келгенге дейін маманның көмегімен жансақтау шаралары жүргізілген. 

Орал қалалық көпбейінді аурухана директорының орынбасары Дияс Жайлаубайұлының нақтылауынша, бала өте ауыр жағдайда, ІІ-ІІІ сатыдағы комада түскен. Оттегі мөлшері (сатурация) 0 пайыз болған. Қан қысымы айқындалмады, тынысы әлсіз болды, өкпесі суға толып кеткен. 

Дәрігерлер жансақтау іс-шараларын жүргізіп, баланы жасанды тыныс алу аппаратына қосқанына қарамастан, оң динамикаға қол жеткізілмеді. Бала келесі күні таңда көз жұмды. 

Қазіргі кезде оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу