freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда орташа жалақы 443 мың теңгеден асты

Экономика
Қазақстанда орташа жалақы 443 мың теңгеден асты
Фото: pixabay

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы орташа атаулы жалақы 443 315 теңге болып, бір жыл ішінде 9,3%-ға өсті. Алайда инфляцияны есепке алғанда, қызметкерлердің нақты табысы 1,8%-ға төмендеген, деп хабарлайды Malim.kz.

Медианалық жалақы 317 512 теңге болған. Бұл көрсеткіш елдегі көпшілік қызметкердің нақты табысын дәлірек сипаттайды.

Өңірлер арасында ең жоғары орташа жалақы:

Маңғыстау облысы – 623 059 теңге;

Атырау облысы – 613 062 теңге;

Астана қаласы – 594 164 теңге;

Ұлытау облысы – 586 978 теңге.

Салалар бойынша ең жоғары жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібінде (949 524 теңге), қаржы секторында (920 985 теңге) және ақпарат пен байланыс саласында (834 522 теңге) тіркелген.

Ал ең төменгі орташа жалақы Түркістан облысында – 318 990 теңге, Солтүстік Қазақстан облысында – 326 679 теңге және Жамбыл облысында – 327 401 теңге болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу